"Күшті соққының даусы естілді". Куәгерлер Нұр-Сұлтанда болған апат жайлы айтып берді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Күшті соққының даусы естілді". Куәгерлер Нұр-Сұлтанда болған апат жайлы айтып берді ©Tengrinews.kz

Куәгерлер Нұр-Сұлтанда болған жол-көлік оқиғасын егжей-тегжей баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер Нұр-Сұлтанда болған жол-көлік оқиғасын егжей-тегжей баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Көлікпен ортаңғы жолақта жүріп келе жатқанмын. Шамамен сағат 9.30-да Назарбаев Университеті жақтан қалаға қарай жүрдім. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтадым. Осы уақытта оң жағымнан күшті соққының даусы етілді. Көліктен шыққаннан кейін автобус асқан жылдамдықпен келе жатып соғылғанын көрдік. Зардап шеккендер көп", - деді қала тұрғыны Бақытжан Сәрсенов.

Ол алғашқы минуттарда барлық жүргізуші көлігінен шығып, зардап шеккендерге көмектескенін айтты. 

"Жедел жәрдем жетті. 4 минутта келіп, жараланғандарды алып кетті. Оларға көп рақмет", - деді ол. 

Еске салайық, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі мен жолаушы қайтыс болғаны анықталды. 

Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысты: Қаза тапқандар бар

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: зардап шеккен 25 адам ауруханаға жеткізілді

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети