31 шілде 2014 | 16:26

Құстар SCAT ұшағының көтерілуіне кедергі келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

SCAT әуе компаниясының Алматыдан Үржарға қатынайтын ұшағы бір топ құстың кесірінен ұша алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

SCAT әуе компаниясының Алматыдан Үржарға қатынайтын ұшағы бір топ құстың кесірінен ұша алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 шілдеде Алматы әуежайында Алматы - Үржар бағытындағы DV-791 рейсін орындау барысында қарқын алуы процесі кезінде ұшақ бір топ құсқа тап болды. Экипаж ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдап, ұшақты тұраққа әкелді. Ұшақ бортында 41 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі болды, зардап шеккендер жоқ. Әуе көлігінің тұмсық тұсы, алдыңғы әйнегі мен оң винті зақымданды", - делінген SCAT таратқан хабарламада.

Қазір әуе компаниясы қосалқы көлікті дайындап жатыр. Еске сала кетейік, бүгін, 31 шілде күні SCAT-тың Алматыдан Қарағандыға ұшатын ұшағы кешіктірілген еді, ұшақтың бір қадағасының ауыстырылуына байланысты ұшақ аспанға көтеріле алмады. Ұшу сағат 07.10-ға жоспарланғанымен, жолаушылар отырғаннан кейін экипажға стартердің өшу дабылы жетпеді. Соның салдарынан экипаж жолаушыларды түсіруге шешім қабылдады. Тиісті тетігі ауыстырылғаннан кейін әуе кемесі ұшуға дайын болды. Ұшақ Астана уақыты бойынша сағат 09.35-те ұшып кетті.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети