25 маусым 2021 09:26

"Құтқаруға болар еді". Ақтауда 14 жастағы бала токқа түсіп, көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қаласында 14 жастағы бала токқа түсіп, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтау қаласында 14 жастағы бала токқа түсіп, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлері дайындықпен келгенде жасөспірімді құтқаруға болар еді. Себебі, жедел жәрдем келгенде бала тірі болған. Ал шенеуніктер жасөспірім электр тогынан қайтыс болғаны туралы болжамды айту әлі ерте, медициналық тексерістің қорытындысын күту керегін айтқан.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы мектеп қоршауынан секіріп өтпек болған. Бірақ қоршауға ілініп қалып, түсу үшін бір қолымен бағанды ұстаған. Шамы бар бағанға келіп тұрған токтың күшінен бала жерге құлаған. Көмекке көрші үйдің тұрғындары бірінші болып жетіпті.

"Біз оны бірден аударып, ауызбен жасанды дем салдық, ол бірден ентікті. Нақты дем ала бастады. Басқалар тағы жасады, оны көп рет жасау керек екен. Мен білген жоқпын. Жасанды дем беруді қайтадан жасадым. Жігіт оның аузына тағы үрледі, бала қайта тыныс ала бастады. Ол кезде жедел жәрдем әлі келмеген", - деді оқиғаның куәгері Берік Сәрсемалиев.

Тағы бір куәгердің айтуынша, баланы құтқаруға жансақтау емес, қарапайым жедел жәрдем келген.

"Реанимациялық жедел жәрдем көлігі келуі керек еді, егер ол келсе, баланы құтқару мүмкін еді. Оның орнына қарапайым жедел жәрдем келді, ол жерде электрлік шокер де, дәрі-дәрмектері де жоқ. Келген медициналық қызметкерлердің өздері алғашқы көмек көрсетуді де білмейді. Олар уақытты жоғалтты. Мен оларға "реанимация тобын шақырыңдар" деп айқайладым", - деді Армангүл Иванова.

Тұрғындар бұл қайғылы оқиға коммуналдық саладағы біраз кемшіліктің бетін ашқанын айтып отыр. Бір апта бұрын ғана сыртқы жарықтандыруға жауапты компания ауысқан екен. Электр желісінде ақау болды ма және ол қай басшының кезінде туындады? Оны арнайы комиссия анықтайды. Ал мекеме қызметкерлері өз кінәсін жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети