Құтқарушылар 9-қабаттан құлап кете жаздаған баланы қалай аман алып қалғанын айтты

19 Шілде 2017, 13:18
0
Құтқарушылар 9-қабаттан құлап кете жаздаған баланы қалай аман алып қалғанын айтты - © Politinform.net
© Politinform.net

Астанада құтқарушылар көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне сілтеме жасап. 

"18 шілдесінде сағат 20:04-те "112" пультіне Сейфуллин көшесі, 41 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдегі пәтердің ашық қалған терезесінен кішкентай қыз баланың құлау қаупі туралы ақпарат түсті. ТЖ комитетінің құтқару бөлімшелері келген кезде, он төрт қабатты "Верный" тұрғын үй кешенінің 9-қабатында, сыртынан жабылған пәтердің ашық терезесі алдында бала тұрғандығы анықталды. Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы альпинистік құрал-жабдықпен құтқарушының таяныш арқанмен түсуіне сақтандыру ұйымдастырылды. Құтқарушы пәтерге түсіп, үлкендердің қарауынсыз қалған 2010 жылғы қыз баланы құтқарып қалды. Ата-анасы келгенге дейін, құтқарушылар баламен бірге пәтерде болды", - дейді ТЖД өкілдері.

Құтқару операциясына Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 3 техника және 10 адам жұмылдырылды.

Құтқарушылар жаз келісімен балалар көп жағдайда қарауынсыз қалатынын айтады. Осы кезеңде балалармен байланысты өрттер мен жазатайым оқиғалардың болу мүмкіндігі арта түседі екен.

Статистика бойынша, Астана қаласында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлаған, оның бесеуі ауруханада жатса, үшеуі қаза болған, 1 бала құтқарылды.

Осыған байланысты ТЖД қызметі балалрды қараусыз қалдырмауды сұрайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай