21 тамыз 2017 11:20

Құтқарушылар балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтау керектігін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Құтқарушылар терезеден құлау жағдайынан балаларды қалай сақтау керектігін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап. 


Құтқарушылар терезеден құлау жағдайынан балаларды қалай сақтау керектігін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап. 

ТЖД өкілдерің айтуынша, қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соғатын негізгі себертерінің бірі - әсіресе терезеден құлау оқиғалары. Ашық терезе алдында кішкентай балалар осал болады, өйткені оларды ашық терезенің арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады. Бұл туралы іртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болу деңгейі куәландырады.

Сонымен қатар, балалардың абайсыздығынан болған оқыс оқиғаға ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайтыны айтылады.

Қазіргі жаз мезгілінде ашық тұрған терезенің балаларының өміріне қауіпті екенін ата-аналар ұмытып кетеді, дейді мамандар.

"Ағымдағы жылғы 2-тоқсанның өзінде терезеден (Жамбыл мен Қарағанды облыстарында 7 фактіден; Астана қ.– 6; Алматы қ., Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары 2 фактіден; Атырау облысы – 1) адам құлаған (барлығы балалар) 31оқиға болғанын атап өткен жөн, соның салдарынан 7 бала қайтыс болып, 24 әртүрлі жарақатымен емдеу мекемелеріне жатқызылған", - деп келтірді мәліметтерді ТЖД өкілдері. 

Сонымен балалар терезеден құлап кетпеуі үшін мына шараларды қолға алу керек:

- Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, бірнеше секундқа бір нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.

- Ешқашан масаға қарсы торларды пайдаланбаңыздар, себебі, балаңыз торға сүйеніп, онмен қоса сыртқа қарай құлауы мүмкін. Балаларыңызды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыздар!

- Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терзелеріңізге тіреуіш орнатыңыз!

- Терезеден құлау оқиғаларына көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар.

- Терезеге шықпауы үшін, терезе маңындағы жиһаздардың барлық түрін алып тастаңыздар.

- Масаға қарсы торларға еш уақытта сенбеңіздер! Олар құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше олар осы масаға қарсы торларды қауіпсіз деп ойлайды, алайда балар осы тормен бірге құлап кетеді.

- Мүмкіндік болса, терезенің астыңғы жағын емес, жоғарғы жағын ашып қойыңыз.

- Балаңыз терезені аша алмауы үшін терезеге бірнеше арнайы бекіткіштер орнатыңыз.

- Егер де сіз балаңызға терезеден бірденелерді көрсететін болсаңыз - балаңызды қатты ұстап, қимыл-қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс әрекеттеріне дайын болыңыз,қолыңыз құрғақ болып,  киімінен ұстамауға тырысыңыз.

- Егер сіздің дәл қазір бекіткіш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітіп тұрған бұранданы бұрауышпен алып тастап, жоғары жаққа қойыңыз.

- Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиіс.

"Жыл сайын биіктен құлау себебінен көптеген балалар мерт болуда. Ата-аналар балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Абай болыңыздар!", - дейді ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети