07 қазан 2014 21:25

Қылмыскерлерді тасымалдайтын арнайы көлік Қарағандыда апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ntv.ru сайтынан алынды Фото ntv.ru сайтынан алынды

Қылмыскерлерді тасымалдайтын арнайы көлік Қарағандыда апатқа ұшырады, - деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Қылмыскерлерді тасымалдайтын арнайы көлік Қарағандыда апатқа ұшырады, - деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Жол көлік апаты 7 қазанда шамамен сағат 17.50-де ет комбинаты маңында болған. Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков айтып бергендей, тергеуге алынғандарды әкетіп бара жатқан арнайы көлікке Audi келіп соғылып, апат салдарынан құқыққорғау органының көлігі аударылып қалған. Сембековтың айтуына қарағанда, Қарағандыдағы бұл көлік апатынан ешкім зардап шекпеген. Бір әскери бөлімнің жауынгерлері аударылған арнайы көлікті итеріп, қайтадан орнына қоюға көмектескен. Көлікте қанша адам болғандығы жөнінде ақпарат жоқ.

Еске сала кетелік, Қарағандыда соңғы ең ірі жол көлік апаты осы жылдың тамызында болған. Ол кезде Шет ауданы маңынан өтетін Қарағанды-Балқаш трассасы бойында иесі әлі күнге анықталмаған BMW жүргізушісі қарама-қарсы бетке шығып, Mercedes-Benz көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан қос машина да апат болған жерде өртеніп кетті. Екі көліктен жеті адамның денесі шығарылған. Кейіннен қаза тапқандардың үшеуі полиция қызметкері екені анықталды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети