Қырғызстан аумағында тағы екі жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан аумағында тағы екі жер сілкінісі болды ©Тengrinews.kz

Қырғызстан аумағында 4,2 және 5,3 магнитудалы екі жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан аумағында 4,2 және 5,3 магнитудалы екі жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Сейсмологтердің мәліметінше, магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі 14 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 07.56-да болды. Ол 20 шақырым тереңдікте болған, эпицентрі - Алматыдан оңтүстікке қарай 129 шақырымда. 

Магнитудасы 5,3-ке тең екінші жер сілкінісі де сол жерде болды, жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша 08.09-де тіркелді. Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 07.24-те Алматыдан 130 шақырымда - Қырғызстан аумағында 6,0 магнитудалы жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағында - Шолпан Ата қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымда анықталды. Алматыда жерасты дүмпулері 3-4 балл түрінде сезілді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети