Қырғызстан МҰҚК басшысы жезөкшелерге барған шенеуніктер әшкереленетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан МҰҚК басшысы жезөкшелерге барған шенеуніктер әшкереленетінін айтты Фото:depositphotos.com

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) басшысы Камчыбек Ташиев интим-салондардың қызметін пайдаланатын мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен бизнесмендердің суретін жариялаймыз деп қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ташиев шенеуніктер, кәсіпкерлер мен депутаттардан интим қызметін қолданбауды сұрады. Әйтпесе, МҰҚК олардың суреті мен аты-жөндерін жариялайды. Ол МҰҚК интим қызметін пайдаланатын барлық ер адамдарды "есепке алғанын" атап өтті.

"Енді елде біздің әйелдерден ешкім интим қызмет алмайды. Біз ол шенеунік, бизнесмен, депутаттың мұндай істерге қатысы бар екенін көрсетеміз. Барлығына ескертемін, біліңіздер. Біз мұндай мәселелермен күресеміз", – деді ол.

Ташиев осындай жұмыс істейтін 200 қыз анықталғанына хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети