Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендер саны көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендер саны көбейді видео кадры

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап

Қайғылы оқиға мәдени шара кезінде болған. Мектеп оқушылары "Манас" дастанынан үзінді оқып, қойылым көрсетіп жатқан. Оқиға кезінде "Портер" жүк көлігі төменге қарай жүріп кетіп, балаларды қағып кеткен.

Порталдың мәліметінше, зардап шеккендердің саны 32 адам болды. Олар балалар мен бір мұғалім.

Созақта мектеп оқушыларын соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Портал ақпараты бойынша, оқиға орнына Ішкі істер министрі Ұланбек Ниязбеков барған. Бұл іс оның жеке бақылауында болады.

Назар аударыңыз! Бұл бейнені сезімтал адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмаған адамдарға қарау ұсынылмайды.

Еске салайық, бұған дейін Жалал-Абад облысы Созақ ауданындағы жайлауда балмұздақ тиеген фургон 29 оқушыны қағып кеткенін хабарлаған. Олардың жетеуі реанимацияда, үшеуінің жағдайы ауыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети