Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандық іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандық іздестіріп жатыр Фото: Шу облысы МІІБ

Қырғызстанда милиция шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандықты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда милиция шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандықты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Шу облыстық МІІБ жоғалған адамды табуға көмектесуді сұрайды.

Ведомство мәліметінше, милицияға 50 жастағы Қазақстан азаматы арыз түсіріп, ұлы Алибек Саматұлының (1997 жылы туған) жоғалғанын хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы 14 қарашаға қараған түні қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде жоғалып кеткен.

"Жоғалған адамның белгілері: бойы 174 см, орта денелі, шашы қысқа, бетінде қал бар. Ерекше белгісі – сол аяғындағы тыртық. Жоғалған кезде қара түсті спорттық киім және жеңінде қызыл жолағы мен ақ жиектемесі бар қара күртеше киген", – делінген хабарламада.

Бұл дерек Шу облыстық МІІБ-де тіркелген. Іс Аламедин ауданының ІІБ-не тапсырылды. Соталды тергеу басталған.

Қырғызстан құқық қорғау органдары Алибек Саматұлының қайда екенін білетіндерден кез келген ақпаратты келесі телефондарға хабарлауды сұрайды: 0312363527, 0312363523 (кезекші бөлім) немесе 0701059585.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети