Қарағанды облысында жоғалып кеткен студенттер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында жоғалып кеткен студенттер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақ тұтынушылар қоғамының Қарағанды экономикалық университетінің үш студенті өткен қыркүйек айының аяғында жоғалып кеткен еді. Олар үйлерінен шығып кетіп, қайтып келмеген. Ата-аналардың жоғалған балаларды іздестіру туралы арызы 24-26 қыркүйек аралығында Қарағанды ішкі істер басқармасының Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Михайлов полиция бөлімдерінде тіркелді.
Полицейлердің айтуынша, 18 жастағы жігіт кәмелетке толарынан үш күн бұрын өзімен жасты немере қарындасымен және 15 жастағы құрбысымен үйден шығып кеткен. Полиция қызметкерлері студенттерді іздестіру шараларын қолға алды, іздеу бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілді.
Алынған жедел мәлімет бойынша жастардың Алматыда жүргені белгілі болды, олардың жүрген жерін анықтап, үйлеріне қайтару үшін криминалдық полиция қызметкерлері шұғыл жөнелтілді. "14 қазан күні студенттер үйлеріне әкелінді. Олардың үйден кетіп қалу себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады ішкі істер департаментінің мамандары.
Айта кетейік, Ақтөбеде бірнеше күннен бері бес жасар бала іздестіріліп жатыр. Темірлан Сәндібаевты анасы аулада бірнеше минутқа қараусыз қалдырған. Сол кезде бала жоғалып кетті. Оны полицейлер, еріктілер мен студенттер іздестіріп жатыр.