04 ақпан 2015 11:49

Қытайда 53 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда 53 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Қытайда 53 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

TransAsia Airways әуе компаниясының ұшағы Тайвань астанасы - Тайбэйде өзенге құлады. Апаттан екі адамның қаза тапқаны және оннан астам адамның құтқарылғаны хабарланды. Тағы да он шақты адам ұшақтың ішінде қамалып қалған. Кейбір жолаушылар ұшақтан өз бетімен шығып, жағалауға жеткен. Өзге БАҚ-тардың мәліметінше, әуе апатынан 9 адам қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша,  ATR 72 ұшағы Taipei Songshan Airport әуежайынан көтерілген кезде көпірге соғылып, одан кейін Цзилун өзеніне құлаған. Ұшақ Цзиньмэнь архипелагындағы аралдарға ұшуы керек болған. Апат орнына құтқарушылар мен өртсөндірушілер жөнелтілді. Ұшақ бортында жалпы 58 адам болған, оның бесеуі - экипаждың мүшесі. 

Бұған дейін Индонезияда ұшақ апатқа ұшыраған еді. AirAsia әуе компаниясының ұшағы 2014 жылдың 28 қаңтарында Сурабаядан Сингапурға ұшып бара жатып, радар экрандарынан жоғалып кеткен болатын. Ұшақ бортында 162 адам болды, оның барлығы қаза тапты. Кейін ел билігі әуе кемесінің теңізге құлағанын мәлімдеді. Іздестіру жұмыстары Борнео жағалауында жүргізілді. Құтқарушылар жолаушылардың денесі мен ұшақтың сынған бөліктерін тапты. Бүгінге дейін 70 адамның денесі су бетіне шығарылды. Лайнердің "Қара жәшігін" мамандар зерттеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети