Қытайда қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тағы да сот отырысының өтетін уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі адвокат Сұнқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасап
Қытайда қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тағы да сот отырысының өтетін уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі адвокат Сұнқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасап
"2016 жылдың 6 мамырында Гуандун апелляциялық соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімнің күшін жойғаны белгілі. Қылмыстық іс бірінші инстанциялы сотқа жіберілді. Қазір төменгі құрылымдағы инстанцияға іс түсті. Кезекті отырыс осы жылдың тамыз айының екінші жартысына белгіленді. Өзгерістер болып жатса, хабарлаймыз", - адвокат Сұнқар Нұрмағамбетов.
Еске сала кетейік, өткен жылдың маусым айында Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Кейін қорғаушы тарап үкімге шағым түсіретіндерін айтты, дегенмен шағымды қарау жарты жылға созылады. Ақжарқынның адвокаты қазақстандық қыздың өзін жақсы сезінетінін, денсаулығының да жақсы екендігін айтты. Кейін ҚР СІМ қызды отанына экстрадациялауға мүмкіндік жоқ екенін мәлімдеді. 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінен есірткі заттары табылды. Ал кейін қазақстандық дипломаттардың Ақжарқын Тұрлыбайды отанына экстрадициялау үшін бар мүмкіндікті пайдаланатыны хабарланды.