Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясы ұзақ уақытқа созылған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 1,76 миллионнан астам адам шұғыл түрде көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі China Daily сайтына сілтеме жасап.
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясы ұзақ уақытқа созылған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 1,76 миллионнан астам адам шұғыл түрде көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі China Daily сайтына сілтеме жасап.
Шаньси мен Шэньси провинцияларында болған қатты су тасқынынан Қытайдың Табиғи апаттарды азайту жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп, 4-деңгейдегі төтенше жағдайларды жою жоспарын жасады.
Екі мемлекеттік орган да апатты жоюға көмектесу үшін зардап шеккен аудандарға жұмыс тобын жіберді.
#flood #flooding #floods #FlashFlood #disaster #heavyrain #HeavyRains #tormenta #thunderstorm Shanxi, #China uses trucks from a pigsty to transport disaster-affected people. pic.twitter.com/anqWH1VqFv
— Aleksander Onishchuk (@Brave_spirit81) October 10, 2021
Провинцияның төтенше жағдайлар департаменті Шаньси провинциясының 76 округінде 1,75 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шеккенін, 120 100 адам қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады.
Департамент 17 мыңнан астам үйдің құлағанын, 190 мың гектар ауылшаруашылық жерлерінің су тасқынынан зардап шеккенін атап өтті. Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, көмірге бай провинцияда нөсер жаңбырдан кейін 60 көмір шахтасы жұмысын тоқтатты.
#flood #flooding #floods #FlashFlood #disaster #heavyrain #tormenta #thunderstorm #China #Typhoon attacks #HongKong (China). pic.twitter.com/nDdumaj2sr
— Aleksander Onishchuk (@Brave_spirit81) October 8, 2021
372 шахта, 14 қауіпті химия кәсіпорыны мен мыңнан астам құрылыс нысандарының жұмысы да тоқтатылды. Провинция су тасқынынан қатты зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін 20 миллион юань (3,1 миллион доллар) бөлді және табиғи апаттарға төтенше жағдайдың үшінші деңгейін іске қосты.
Шілденің соңында Қытайдың орталығындағы Хэнань провинциясында нөсер жаңбыр жауды. Су тасқынынан үш миллионға жуық адам зардап шегіп, 33 адам қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!