Ақтөбе суқоймасында 15 жастағы қыз бала суға кетті. Қайғылы оқиға 29 шілдеде "Алау" жеке жағажайында болған, - деп хабарлайды "Актобе Таймс".
Ақтөбе суқоймасында 15 жастағы қыз бала суға кетті. Қайғылы оқиға 29 шілдеде "Алау" жеке жағажайында болған, - деп хабарлайды "Актобе Таймс".
Басылым мәліметінше, үш құрбы ересектерсіз жағажайға келген. Шомылу кезінде қыздардың түншыға бастаған және көмек шақырған. Бірнеше ер адам суға кеткендерді құтқаруға асыққан. Алайда тек екеуін ғана құтқару мүмкін болды. Ер адамдар бір сағат бойы қызды іздестірген, бірақ нәтижесіз. Қыздың денесін сүңгуірлер алып шыққан.
Осы оқиғадан кейін демалушылар өз наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, жағажай шомылуға арналмаған. "Бізде осы жағажайда болдық. Онда жағадан басталған су - 7 метрге дейін ғана жақсы, ары қарай бірден тереңдеп кетеді, - дейді баланың қайтыс болғанын көрген куәгер. - Бұл өте қауіпті жағажай. Шомыла алмасаң - біткен жерің осы! Жағажай ортасында екі жігіт отырады, олар құтқарушылар шығар бәлкім. Бірақ олар жан жағына қарамайды".
Басылым мәліметінше, қайтыс болған қыз ауданнан демалысқа әпкесінің үйіне келгенін анықтады. Ыстық әрі жексенбі күні ол жағажайға құрбысы мен әпкесімен бірге келген. "Көз алдымызда сұмдық жағдай болды, - дейді Любовь Москальчук. - Бүгіннің өзінде де есімнен кетер емес. Салғырттық! Оқиға болғанда бір екі адам ғана құтқаруға асықты, қалғаны жай ғана қарап тұрды! Ерлер қарап тұрды! Алайда суретке түсіруді ұмытқан жоқ. Құтқарушылар болмады. Ақшасын төлейміз, бірақ нәтиже жоқ".