Қыз “жасылға“ өтіп бара жатқан: Астанадағы жол апатның мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыз “жасылға“ өтіп бара жатқан: Астанадағы жол апатның мән-жайы айтылды видео кадры

Астанада бала қаза тапқан жол апатының мән-жайы айтылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бала қаза тапқан жол апатының мән-жайы айтылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, қыздың жолды белгіленген жерден кесіп өткені белгілі болды.

"Жүк көлігінің жүргізушісі Бейсекбаев көшесімен келе жатып, Кенесары көшесімен қиылыста бұрылу кезінде рұқсат етілген бағдаршам сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр", – деп мәлімдеді Астана Полиция департаменті.

Бұған дейін Tengrinews.kz редакциясына оқиға орнынан куәгерлер түсірген кадрлар келген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети