Қызғаныштың уыты. Теміртауда турфирмада жұмыс істейтін қызды өлтіріп кеткен

viewings icon 999 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Теміртаудағы 70-кварталда көпқабатты үйдің лифтінде 8 қарашада адам өлтіру оқиғасы болды, - деп хабарлайды Etemirtau. Оқиғадан қайтыс болған қыз жергілікті турфирманың жұмысшысы, осы үйдің тұрғыны 32 жастағы Наталья Никитина екені анықталды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Теміртаудағы 70-кварталда көпқабатты үйдің лифтінде 8 қарашада адам өлтіру оқиғасы болды, - деп хабарлайды Etemirtau. Оқиғадан қайтыс болған қыз жергілікті турфирманың жұмысшысы, осы үйдің тұрғыны 32 жастағы Наталья Никитина екені анықталды.

Сол күні кеште көпқабатты үйдің тұрғындары лифттің істен шыққанын байқаған. "Сағат сегізде лифтпен түстім, немереммен жаттығуға барып, жарты сағаттан кейін оралсақ, лифт жұмыс істемей тұр екен. Иті бар әйел тұрған, істен шықты дейді. Қазір ғана істеп тұрғанын айттым, ол да қазір ғана итімен осы лифтпен түсіпті", - дейді үй тұрғыны.

10-қабатта тұрып қалған кабинадан тұрғындар келіншектің өлі денесін тапқан. Бұл оқиға бірден WhatsApp мессенджерінде тарап кеткен.

Оқиға орнына келген полицейлер бірінші кезекте марқұммен бірге тұратын адамды ұстаған, ол азаматтық некедегі әйелінің өліміне қатысы жоқ екенін айтумен болған.

Сол күні 37 жастағы әйел ұсталып, ол осы қылмысты жасағанын мойындаған. Бұл қадамға қызғаныш себеп болған. Болжам бойынша, күдікті Натальямен бірге тұратын ер адаммен қарым-қатынаста болған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды, соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жаңатай Сембеков.

Натальяның өлімі туған-туыстары мен жақындарына қатты батты. Теміртауға оның Ресейде тұратын туған бауыры келіпті.

"Бұл жағдайдың қалтарыс-бұлтарысы көп, мәйітханадан келдік, пышақталған, мойны сынған, 30-дан аса пышақ салған деді. Енді оны қайтара алмаймыз, лайықты жазасын алсын", - деді Артем Никитин.

Никитинаның әріптестері оның өте аққкөңіл, мақсатшыл әрі жұмсақ адам екенінін еске алды. Таныстары оның өліміне әлі де сене алмай отыр.

"Жоспары көп еді, Ресейге әкесіне бармақшы болған, күтіп жүрген. Таяуда ғана туған күні болған еді, ана атанғысы келген, бұл сезімді бастан өткере алмай кетті. Тұрмысқа шыққысы келді, енді жоспарының күл-талқаны шықты, бұл жағдайға оның қатысы да жоқ еді, еш кінәсіз өлім құшты", - дейді Сабина Омельченко.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro