Ақмола гарнизонының әскери соты "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының" А. Жұмағұлов есімді азаматқа қатысты зейнетақы төлемдерін өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот А. Жұмағұлов есімді азаматқа қызмет өткерген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдерінің "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының" негізінде төленгенін анықтады. Ол қызмет өткерген жылдарының зейнетақысын 2016 жылдың наурыз айына дейін алып отырған. Төлемдерді қайта есептеу барысында зейнетақы алып жүрген азаматтың ҚР Қарулы күштеріне қайта шақырылғаны анықталды. Заңнамаға сәйкес, ҚР Қарулы күштеріне қайта шақырылған адам бірден міндетті түрде оған зейнетақы тағайындаған органдарға хабар беру керек болатын. Алайда ол бұл туралы ешкімге де айтпаған. Осылайша оның ҚР Қарулы күштеріне қайта шақырылған кезінен бастап санағанда 4 271 068 теңге көлемінде зейнетақы алғаны анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сот отырысында сотқа арыз берушінің өкілі көрсетілген талаптардың толықтай орындалып, қанағаттандырылуын сұрады. Осыған байланысты сот талаптарды қабылдады. Себебі ер адамның бұл әрекеттері заңға қайшы емес және ешкімнің де құқығына нұқсан келтірмейді. Сондықтан да талап қанағаттандырылуы мүмкін.
Соттың шешімімен зейнетақыны өндіріп алу туралы талаптар толықтай қанағаттандырылды.