22 тамыз 2017 08:31

Қызылорда мектебінде дау: 6 сыныптың екі оқушысы мұғалімді азғындық жасады деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobetimes.kz © aktobetimes.kz

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі №189 орта мектебіндегі дау басқаша өрбіді. Бұған дейін 6 сынып қыздары математикадан сабақ беретін мектеп мұғалімі денесін ұстайтындарын айтып арызданған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі №189 орта мектебіндегі дау басқаша өрбіді. Бұған дейін 6 сынып қыздары математикадан сабақ беретін мектеп мұғалімі денесін ұстайтындарын айтып арызданған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сот жүріп жатыр. Алайда, оқушының бірі ол әрекетін жоққа шығарып, өтірігі үшін мұғалімінен кешірім сұрап үлгерген.

6-шы сыныпта оқитын екі қыздың анасы мұғалімнің үстінен көктемде арызданған. Сол кезде жасы 60-қа таяған ұстаз азғындық жасады деп және қыз балалардың әр жерін ұстады деп айыпталды. Бірақ оқушылардың бірі сол ісіне өкініп отыр. Дина Нағызбаева қатал мұғалім мектептен кетсе деген оймен осындай айып таққанын айтып отыр.

"Айтамыз да қоя саламыз, сосын Акпар ағай мектептен шығып кететін шығар деп ойлағанбыз. Сөйтіп бәрі осылай шатасып кетті да. Сосын мен анама келіп, барлық шындықты айттым. Ұстаған жоқ, ештеңе істеген жоқ. Әрине, өкінемін, ағайдын шыққанын қалаймын, ағайдан кешірім сұраймын", - дейді № 189 орта мектептің 6 сынып оқушысы Дина Нағызбаева.

Динаның анасы арызын алып кетті. Ал құрбысы өз дегенінде тұр. 35 жыл еңбек өтілі бар Әкпар Исахаевтің әріптестері болса мектептегі сыйлы азамат ондай ұятты істерге бармайтынына сенімді.

"Ол кісінің құрдас ретінде де артық сөзі, артық қылығын мектеп саласында жүргенде ешқандай байқаған жоқпыз. Ол мүмкін емес деп есептейміз. Тек ол кісіде білім, талап, тәртіп, басқа ешнәрсе көрген емеспіз", - дейді Белкөл кентінің тұрғыны Ботагөз Мадирова.

"Сабақ барысында ондай оқыс әрекетке барады дегенге, өз басым ешқандай сенбеймін. Әділдік болса дейміз. Мынандай болғандықтан, жаңа оқу жылына, шынымды айтсам, әйел, менің өзім қорқа соғып отырмын", - дейді № 189 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ұлмекен Юсупова. 

"Біздің талабымыз: бұл оқиғанын анық-қанығына жету керек. Бір жақты қарамау керек. Мұғалім жасаған өмірінің жартысынан көбін осы бала тәрбиесіне жұмсаған азамат", - деді № 189 орта мектеп кәсіподағының төрағасы Тілеген Халықов.

Оқушылардың әрекетінен мектеп мұғалімдері де шошып қалған. Ал математиктің адвокаты ұстаздардың заң тұрғысынан қорғаусыз қалғанын айтып отыр. Қазір іс жабық өтіп жатыр. Сондықтан айыпталған мұғалімнің қорғаушысы көп нәрсені ашып айтпады.

Ал мұғалімнің адвокаты Жасұлан Таңатаров істің қазіргі уақытта сотта қаралып жатқанын хабарлады. "Іс қазіргі таңда сотта қаралып жатыр, соңдықтан бөлшектеп айтып бере алмаймын. Десе де айтайын дегенім, бүгінгі күні мұғалімдер әлеуметтік тұрғыдан да, заңды түрде де қорғаусыз болып тұр. Менің қорғалушым сабақ үстінде, балалардың көзінше азғындық әрекеттер жасады деп айыпталып отыр. Яғни кез келген оқушы өзіне ұнамаған мұғалім үстінен осылай негізсіз арыздана салады деген сөз", - деді адвокат.

Сәуірде қамалған математик әлі күнге уақытша ұстау абақтысында. Ендігі сот отырысы тамыздың 25-іне белгіленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети