Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургтері "асқазан трихобезоары" диагнозымен 4 жасар балаға ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургтері "асқазан трихобезоары" диагнозымен 4 жасар балаға ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олар баланың асқазанынан салмағы бір жарым келі, ұзындығы 40 сантиметр шашты алып тастады.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Айгүл Ағымбаеваның айтуынша, бала тәбеті болмау, іші ауруы, құсу секілді шағымдарымен түскен.
"Тексеру және диагноз қою кезінде ісік тәрізді түзілім анықталды. Баланың жағдайы ауыр деп танылды. "Асқазанның трихобезоары" диагнозы қойылды. Балаға шұғыл түрде ота жасалды", - деді Айгүл Арғымбаева.
Отаны хирург Әлімжан Төлегенов, анестезиолог Игорь Самсонов жүргізген. Ота сәтті өткен.
"Отадан кейінгі баланың жағдайы қалыпты. Ол хирургия бөліміне ауыстырылды", - деп толықтырды бөлім меңгерушісі.
Трихобезоар - асқазандағы бөгде зат, ол тығыз тасқа жабысқан шаштардан тұрады. Көбінесе ол психологиялық ақауларға байланысты балалар шаштарын шайнап, жұтып қоюынан болады. Жылдар бойы бәрі жиналып, асқазанды толтырады. Кейін адам ішкенін қорыта алмайды. Сондықтан тәбеті тартпай, құсады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!