Қызылорда облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат 3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл автожолында болған. Көктайғақтың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, автобус аударылған. Алдын ала мәлімет бойынша, салонда 50 жолаушы болған. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр. Автобус Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша келе жатқан.
"Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болды. Қызылорда облысы ТЖД-да жедел штаб құрылды. Қауырт желі телефоны (7242) 24-41-61, 70-03-28. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен төрт техника, алты қызметкер мен екі техника, 12 қызметкер мен төрт техника жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.