12 қаңтар 2017 18:18

Қызылорда облысында жоғалып кеткен жасөспірім досының саяжайында жасырынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында жоғалып кеткен 2001 жылғы жасөспірім досының саяжайынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысында жоғалып кеткен 2001 жылғы жасөспірім досының саяжайынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылғы 09 қаңтарда сағат 15.00 шамасында 2001 жылы туылған жасөспірім үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмайды. 2017 жылғы 10 қаңтар күні анасы баласының жоғалып кеткендігі жайлы Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының "102" пультіне хабарлайды. Аталған хабарлама бойынша Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылып, жедел түрде іздестіру шаралары жүргізілді. Үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар тексерілді, жақындарынан түсініктемелер алынды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім "Сабалақ" саяжайында тұратын досының үйінде тығылып жатқан жерінен табылды", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі таңда жасөспірімнің жағдайы жақсы, дін аман ата-анасына тапсырылды. Енлі оның үйінен кетіп қалу себептері анықталып, мұндай жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Осыған байланысты полиция қызметкері ата-аналарға жасөспірімдер тәрбиесінің, тәртібінің, мінез-құлқының қалыптасуына жауапкершілікті арттырып, жеткіншектердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне бақылауды күшейту қажеттігін ескертеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети