Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

15 қаңтарда Шымкент-Самара тасжолының 1397-шақырымында Қызылорда облысының Арал ауданы Аралқұм елді мекенінің тұсында жол-көлік оқиғасы болды.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды", - делінген хабарламада.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді жылдамдықты арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажет екенін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети