Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жараланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жараланған @POLICE_of_KZ

Қызылорда облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамызда түнгі сағат 03:00 шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апатына түскен.

"Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды. ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети