Қызылорда облысында суға батып кеткен ер адамның денесі 4 жылдан кейін табылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суретті өртсөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметі ұсынған Суретті өртсөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметі ұсынған

2018 жылы желтоқсанда танысымен бірге Қызылорда облысындағы Пригородный ауылы маңындағы Қараөзек каналына көлікпен құлап, батып кеткен ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оны оқиға орнынан 50 шақырым жерден тапты. Туыстары киімдерінен марқұмды таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2018 жылы желтоқсанда танысымен бірге Қызылорда облысындағы Пригородный ауылы маңындағы Қараөзек каналына көлікпен құлап, батып кеткен ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оны оқиға орнынан 50 шақырым жерден тапты. Туыстары киімдерінен марқұмды таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 2018 жылы 17 желтоқсанда болған. Марқұмдар фазендадан келе жатқан. Күн бұзылып, олар жолды көрмеген. Сөйтіп, көлік Қараөзек каналына құлап кеткен. Жұқа мұз жарылып, көлік жүргізушісі жолаушымен бірге су астына батып кеткен.

"Көлік дәл сол күні табылды, жүргізушінің денесі алты ай өткен соң табылды. Бірақ ол кезде 1973 жылы туған жолаушының денесін табылмады. Іздеу біраз уақытқа созылды, бірақ кейін тоқтатылды", - деді Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Жақында құтқарушыларға жоғалған ер адамның туыстары жүгінген. Олар суға батып кеткен туысының аяқ киімін тапқанын айтқан. Осылайша, іздеу жұмыстары қайта басталған.

"20 мамырда құтқарушылар 9 сағат бойы қайықпен суға батып кеткен ер адамның денесін іздестірді. 13.45-те көлік құлаған тұстан 50 шақырым жерде екі метр тереңдікте дене бөліктері мен киім қалдықтары табылды. Туыстары марқұмды таныды", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 8 адам суға батып кеткен болатын, оның төртеуі - бала.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.34  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro