Қызылорда облысындағы ауылда жаппай төбелес болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды. Видео сипаттамасында төбелес Қазалы ауданында болғаны айтылған. Кадрлардан ауылдың орталық көшелерінің бірінде адамдар жүгіріп жүргенін көруге болады. Басқа кадрларда оларды полиция қуып келе жатқанын көруге болады.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, 26 наурызда түнгі сағат 2 шамасында Қазалы аудандық полиция бөліміне хабарлама келіп түскен. Онда түнде Әйтеке би кентіндегі Пірімов көшесінде шу шығарған бір топ адам туралы айтылған.

"Оқиға орнына жедел түрде полиция жасақтары жетті, қабылданған жедел шаралар нәтижесінде сегіз адам полиция бөліміне жеткізілді, қалғандарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен арыздар түскен жоқ", - деді полициядағылар.

Дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Ауданда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар күшейтіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауданда қылмыстық ахуал тұрақты", - деп қосты полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети