Қызылорда түбінде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Тағы төрт адам ауруханаға түсті.
Қызылорда түбінде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Тағы төрт адам ауруханаға түсті.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 қаңтарда болған. "Қызылорда - Жалағаш автожолында Сырдария ауданының 9-шы разъезінде екі жеңіл көлік соқтығысты. Бес адам қаза болды, тағы төртеуі ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті", - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасының дерегі бойынша "Бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды.