28 қазан 2016 12:40

Қызылорда тұрғыны алдағы демалыс күндері Алматыда теракт ұйымдастырылады деп хабар берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы метро Алматыдағы метро

Қызылордада жалған терроризм бойынша 50 жастағы ер адам анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қызылордада жалған терроризм бойынша 50 жастағы ер адам анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

27 қазанда Қызылорда облыстық ІІД жедел кезекші пультіне белгісіз біреуден Алматыдағы метрода алдағы демалыс күндері террористік акт болады деп хабар түскен. 

"Облыстық ІІД мен Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлері арнайы жедел шараларды жүргізудің нәтижесінде облыс орталығынан 50 жастағы ер адам ұсталды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған адам Қызылорда ІІБ-нің уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер таратқан хабарламада.

Полициядағылардың айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" санкциясы алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды қарастырады.

"Бұл қылмыстың қоғамға деген қаупі - теракт болады деген жалған хабарлама болғаннан кейін халық арасында дүрлігу туады, қорқыныш болады, көптеген адам жарылғыш заттарды іздеп, анықтауға жұмылады. Басқарудың белгіленген тәртібі бұзылады, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты қызметі бұзылады", - деп хабарлады Қызылорда облыстық ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети