Қызылордада атыс шығарған күдікті іздестіріліп жатыр: бір адам зардап шеккен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада атыс шығарған күдікті іздестіріліп жатыр: бір адам зардап шеккен Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қызылордада 32 жастағы ер адам оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 32 жастағы ер адам оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, оның қарудан жараланғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды.

"1992 жылы туған ер адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Мәліметтерге қарағанда, оның жағдайы ауыр", - деп жазды қолданушылар әлеуметтік желіде.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, қалалық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастағанын айтты.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Айғақты заттар алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети