Прокурорлар Қызылорда балабақшасындағы жастықтан құрт тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құрт прокурорлар мен қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандарының бірлесіп өткізген тексеру жұмыстары кезінде шыққан.
Прокурорлар Қызылорда балабақшасындағы жастықтан құрт тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құрт прокурорлар мен қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандарының бірлесіп өткізген тексеру жұмыстары кезінде шыққан.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін құрт тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандарына берілді. "Зерттеу нәтижесі табылған жәндіктің паразиттік аурулар тасымалдаушы жәндіктердің түріне жатпайтынын анықтады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеу нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны белгілі болды", - деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі.
Қызылорда прокуратурасы қалалық білім бөлімі мен тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшылығына заңбұзушылықтарды жойып, Қызылордадағы балабақшадағы оқиғаға қатысты кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Еске сала кетейік, бұған ұқсас оқиға Павлодардың мектебінде болды, ол кезде құрт оқушыларға берілген ботқаның ішінен шықты. Мектеп басшылығы бұл жайтты санитар-эпидемиологтерге хабарлады. Мектеп директоры жәндіктер тағам құрамында аспаздар мен асхананы жалға алушының салғырттығынан пайда болғанын айтты. Мектеп басшылығы балаларға берілетін тағамның сапасыздығына қатысты асхана өкілдеріне бұған дейін де бірнеше рет ескерту жасағанын мәлімдеген болатын.