Қызылорданың басты жаңажылдық шыршасының өртену себебі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, жаңажылдық шырша 28 желтоқсан күні таңертең өртенген еді.
Қызылорданың басты жаңажылдық шыршасының өртену себебі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, жаңажылдық шырша 28 желтоқсан күні таңертең өртенген еді.
Қызылорда облыстық ТЖД бастығы Сағындық Өмірзақовтың айтуынша, ауа райының қолайсыздығы салдарынан шыршадағы электр сымдары қысқа тұйықталған.
Өртенген аудан - алты шаршы метр. Сол күні-ақ шырша қалпына келтірілді.
Айта кетейік, Қызылордада жаңажылдық шыршаның жанып кеткені туралы алғашқы хабарлар Instagram әлеуметтік желісінде тарай бастаған еді. Сегіз адам мен екі техникадан тұратын өртке қарсы қызмет жасағы оқиға орнына сағат 05.45-те келді. Сағат 06.02-де өрт түгел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, мұның алдында Шымкентте қатты желдің салдарынан қаланың басты жаңажылдық шыршасының құлап қалғаны хабарланған еді. 25 желтоқсан күні кешкісін қалада секундына 23-24 метрге жететін күшті жел соққан, жел әкімшілік-іскерлік орталықтағы 18 метрлік жаңажылдық жасанды шыршаны құлатып тастады. Бұл шырша 18 желтоқсан күні жағылған, оған 2000-нан астам ойыншық ілінген еді. Кейін құлаған шыршаның орнына 10 метрлік басқа шырша орнатылды.