Қызылордада ер адам базардағы орын үшін үстіне бензин құйып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылордада ер адам базардағы орын үшін үстіне бензин құйып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер оқиға туралы Instagram желісінде жазған. Жазбада кептірілген жеміс сатушылар арасындағы қақтығыс шамамен екі күнге созылғаны айтылған.
"Дау базардағы орынға байланысты шықты. Ер адам көз алдымызда үстіне бензин құйып жіберді. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оны алып кетті", - делінген хабарламада.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілі ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылғанын айтты.
"Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол кептірілген жеміс сатумен айналысады. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 517-бабы 5-бөлігінде көрсетілген Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық хаттама толтырылды. Іс шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жіберілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!