Қызылордада ауыр қылмыс жасалды. 13 маусымда 60 жастағы ер адам 23 жастағы жүкті келіншек пен оның бір жасар сәбиін атып тастады, - деп хабарлайды "Қызылорда жаңалықтары" интернет-порталы облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Нұрлан Жаниевке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Жахаев көшесінің бойындағы үйде болды. Ер адам бұрынғы әйелінің туысының үйіне қонақ болып келген. Бұл жұптың ажырасып кеткеніне көп уақыт өтсе де, ер адам бұрынғы әйеліне жиі келіп тұрған және жанжал ұйымдастыратын болған. Осы жолғы кездесуде ұрыс басталған. Үй иесін қорқытқысы келген қонақ көлігінен аңшылыққа арналған мылтықты алып, атып түсірген.
Оқ 23 жастағы жүкті келіншекке де, ол сол сәтте қолында ұстап тұрған бір жасар қызына да тиеді. Жедел жәрдем келгенше сәби алған жарақатынан қаза болады, ал шешесі облыстық медициналық орталықтың жан сақтау бөлімінде көз жұмады.
Бұдан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кетпекші болды. Қашып бара жатқан сәтінде ол мылтығын өзенге лақтырған. Қылмыскерді құрықтауға ерекше мобильді арнайы жасағының жауынгерлері жұмылды. Ер адам изоляторға қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.