Қызылордада жаңа аялдаманы жел ұшырып әкетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жаңа аялдаманы жел ұшырып әкетті Фото: Алия Мусаева/facebook.com

Қызылордада жаңа аялдаманы жел ұшырып әкетті. Шыны қондырғы сынған. Оқиға кезінде аялдама ішінде ешкім болмаған, эардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жаңа аялдаманы жел ұшырып әкетті. Шыны қондырғы сынған. Оқиға кезінде аялдама ішінде ешкім болмаған, эардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде "Что? Где? Когда?" тобында жарияланды.

Топ модераторы Әлия Мұсаеваның айтуынша, жаңа аялдама облыс орталығындағы сол жағалауға орнатылған.

"Мердігерлердің сапасыз жұмысы мен тендер өткізу ережелерінің салдары! Қызмет үшін ең төменгі бағаны таңдайды, міне, нәтиже. Адамдардың болмағаны және ешкім зардап шекпегені жақсы болды", - деп жазды ол.

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық бөліміндегілер ресми жауапта ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын атап өтті.

"Облыс орталығының сол жағалауында орналасқан аялдамада ақау болды. "УАД" ЖШС мердігерлік ұйымы кепілдік мерзіміне сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын арада бұл аялдама толықтай қалпына келтіріліп, нәтижесі қосымша хабарланады", - деді қала әкімдігі өкілдері.

Фото және видео: Әлия Мұсаева/facebook.com

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети