06 қаңтар 2019 | 15:33

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

2018 жылы 28 желтоқсанда кәмелет жасына толмаған бала көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

"Автокөлік кінәлі адамның анасына тиесілі. Сол күні ол ата-анасының рұқсатынсыз көлікпен қалаға шығып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнында ол зардап шеккен адамды көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Алайда ол 1 қаңтарда алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жасөспірім өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ол анасының қарауына берілді", - делінген хабарламда. 

Сонымен қатар, автокөлік иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тергеу шаралары ІІМ бақылауына алынды. 

"2018 жылы 28 желтоқсан күні Қызылорда қаласында орын алған ЖКО дерегі бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен және 349-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда. Тергеу жұмыстары полиция департаменті басшысының және облыс прокурорының ерекше бақылауында", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети