01 наурыз 2018 | 09:14

Қызылордада жатақхана ғимаратының бір бөлігі опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада көп уақыттан бері босап тұрған жатақхана ғимаратының бір бөлігі опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада көп уақыттан бері босап тұрған жатақхана ғимаратының бір бөлігі опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1971 жылы салынған жатақхана Титов көшесі, 16 А мекенжайында орналасқан. 

ТЖД мәліметінше, үйдің қирағаны жайлы мәлімет 28 ақпанда сағат 22.40-та түскен. Ешкім зардап шекпеді. 

"Дереу шаралар қолданылды, жатақхананың басқа бөлігінде тұрып жатқан 46 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғындар аспен және дәрі-дәрмекпен қамтылды. Қалалық жедел штаб қажетті заттарды жинаумен айналысаып жатыр. Таяуда осы жағдай бойынша толық мәлімет беріледі", - деп хабаолады қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов.

Өз кезегінде облыстық ТЖД басшысы Омар Бержанов жатақхананың төртінші подъезі, бірінші мен бесінші қабаттар арасы қирағанын хабарлады. Қазіргі уақыта оқиға орнында жеке құрамның 82 адамы мен 17 дана арнайы техника жұмысқа тартылған. 

"Талап" ПИК төрайымы Улья Арипованың айтуынша, жатақхананың қираған бөлігінде тұрғындар болмаған. 

"Қираған жерде адамдар болмаған, босап тұрған. Сондықтан ешкім зардап шекпеді. Екінші бөлігінде тұрып жатқан тұрғындар "Мұрагер" мектебіне көшірілді. 1 наурызда олардың тұрғылықты тұратын жері анықталады. Апат себебі анықталып жатыр. Әзірше ештеңе де анық емес", - деді Улья Арипова. 

Бұл жағдайды қала мен облыс әкімдіктері бақылауға алған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети