©Нұрғиса Елеубеков
Қызылорда облысында кәмелет жасына толмаған қыздар арасында босану оқиғалары жиілеп барады. Тек өткен жылы ғана облыста 15-18 жас аралығындағы 112 қыз баланың босану дерегі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл деректер жергілікті жұртшылықты ойландырады. Өйткені, қазақы өңір болғандықтан, мұндай тәрбие мәселесіне қатысты түйткілдердің бар екендігі аңғарылып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр жастар арасында 723 түсік болған. Дәрігерлер ерте босанудың да адам денсаулығына зиян екендігін айтып дабыл қағуда.
Қызылорда облысында кәмелет жасына толмаған қыздар арасында босану оқиғалары жиілеп барады. Тек өткен жылы ғана облыста 15-18 жас аралығындағы 112 қыз баланың босану дерегі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл деректер жергілікті жұртшылықты ойландырады. Өйткені, қазақы өңір болғандықтан, мұндай тәрбие мәселесіне қатысты түйткілдердің бар екендігі аңғарылып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр жастар арасында 723 түсік болған. Дәрігерлер ерте босанудың да адам денсаулығына зиян екендігін айтып дабыл қағуда.