Қызылордада көлік жүретін көпірдің бір бөлігі опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада көлік жүретін көпірдің бір бөлігі опырылды Фото: Әлеуметтік желілерден

Қызылордада облыс орталығы мен Тасбөгет кентін байланыстыратын автокөлік көпірінің бір бөлігі құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада облыс орталығы мен Тасбөгет кентін байланыстыратын автокөлік көпірінің бір бөлігі құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға кадрлары әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға 19 наурызда кешке болған.

"Бұл көпірдің тарихы өте ескі. Мұнда көлік қозғалысы өте қарқынды. Қандай жағдайда екенін білмейміз, бірақ жиегі құлағанын көріп отырмыз. Былтыр дәл осындай жағдай көпірдің екінші жағында болған еді. Көпірдің астында жиі ересектер мен жастар жиналады. Бақытымызға қарай, бүгін ешкім болмаған, ешкім зардап шеккен жоқ", – деді бейнежазба авторы.

Қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімінің өкілдері жергілікті тұрғынның жазбасына жауап беріп, көпірдің қалпына келтірілетінін мәлімдеді.

"Назарбаев даңғылынан Тасбөгет кентіне баратын жолдағы көпірдің қаңқасы тозу салдарынан зақымданған... Алдағы уақытта көпірді күтіп-ұстауға жауапты мердігер мекеме – "Әлем Транс" ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізеді", – делінген хабарламада.

Кейінірек әкімдік қызметкерлері көпірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети