11 қазан 2021 | 14:50

Қызылордада мектеп қазандығында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен алынған Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен алынған

Қызылорда облысында мектеп қазандығында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, 11 қазанда таңғы сағат 08.15-те Департаменттің дағдарыстық жағдайлар басқармасына Қазалы ауданы, Тасарық кентінде №238 орта мектеп аумағында жеке тұрған, қатты отынмен жылытатын қазандық (мектептен қашықтығы - 50 метр) тұтанбай жарылып, кейін 64 шаршы метр аумақта ғимараттың қабырғалары ішінара бұзылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

"Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқуға кедергі келтірмеген (ауа температурасы - плюс 9 градус). Қазандық үйінділерін ретке келтіру жұмыстары мектеп қызметкерлерінің күшімен (15 адам және 2 бірлік техника) жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 10 қазанда Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында тағы да жарылыс болды. Қорғаныс министрлігінде сағат 07.20-да Жамбыл облысының Сарыкемер кентіндегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасы аумағында бұрын өрттен зақымданған жарылыс қаупі бар зат іске қосылғаны туралы ақпарат берілді. Оқиға жұмыс уақытында орын алмағандықтан, жақын маңда адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстарға зақым келмеген.
Куәгерлердің айтуынша, ауылдың кейбір үйлерінің терезелері сынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.88   533.49   5.44 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети