"Таяуда Қызылордада полицейлердің алдын бөгеп тұрып алған әйел психдиспансер тізімінде тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Ведомстводағылардың айтуынша, оқиға биыл 21 желтоқсанда құқық қорғау органдарының қатысуымен болды. Видеоны тексеру барысында, әйел адамның Шиелі ауданының тұрғыны екені белгілі болған. 1968 жылғы әйел денсаулық сақтау органының мәліметінше психдиспансерде тіркеуде тұр. ІІД әйелдің қазіргі уақытта аудандық психиатрлық диспансерге жатқызылғанын хабарлады.
Осыған дейін, Қызылорда көшелерінің бір қиылысында бір әйелдің патрульдік автомобильдің жолын бөгеп тұрып алған видеосы жарияланған. Ол сол аяғы көліктің капотына қойып, жол бермеген. Полицейлердің бірі әйел адамды жолдан кетуін сұраған. Алайда ол кетпейтінін айтып, қарсылық көрсеткен. Осы кезде екінші полицей келіп, әйелді көтеріп алып, жол шетіне шығарады. Лезде көлікке отырып, әйелден алыс кету үшін жүріп кетеді. Екінші полицей әйелді ұстап тұрып, артынша көлікке қарай жүгіреді.