15 сәуір 2014 | 13:26

Қызылордада тағы 11 сарбаз ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қызылордада тағы 11 сарбаз ұшынып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаеваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада тағы 11 сарбаз ұшынып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаеваға сілтеме жасап.

Іші өтіп ауруханаға түскендердің қатары 47-ге жетті. ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскеріне қарасты №5547 бөлімнің 32 сарбазы өткен жексенбіде ауруханаға жатқызылса, дүйсенбі күні тағы төртеуінің уланып қалғаны белгілі болды. Бүгін, 15 сәуір күні осындай ауру белгілерімен тағы 11 сарбаз ауруханаға түсті. Тұрсынбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта әскери бөлімде инфекционист дәрігерлер жұмыс істеп жатыр, олар уланудың себебін анықтамақ.

Бұған дейін ауруханаға түскен сарбаздардың іші өтіп, жүректері айнығаны, бастары ауырып, өздерін әлсіз сезінгені хабарланған болатын. Олардан бактериологиялық және басқа да сынамалар алынды, оның нәтижесі 3-4 күннен соң белгілі болады. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшілердің улануына қалалық су желілерімен берілетін ауызсудың санитарлық нормаларға сай келмеуі себеп болуы мүмкін. Бірақ Қызылорда қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети