23 наурыз 2014 11:46

Қызылордада вагондар жолдан шығып кетті

Фото nr2.com.ua сайтынан алынды

Қызылорда облысының Шиелі стансасында жүк пойызының он бір вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. Оқиға түнгі сағат 01:45-те болды. "Қандыағаш (Ақтөбе облысы) - Арыс (Оңтүстік Қазақстан облысы) бағдары бойынша қатынаған жүк пойызының 11 вагоны жолдан шығып кеткен. Оның алтауы жүкке толы, бесеуі бос болған. Олардың барлығы аударылған жоқ. Пойыз құрамында 58 вагон болған", - делінген ресми хабарламада. Ресми ақпаратқа қарағанда, темір жолға зақым келмеген. Басқа пойыздардың қатынасы бұзылған жоқ. Қазір апаттық-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram