04 қараша 2016 19:04

Қызылордалық полицейлер 14 миллион теңге ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады

© aif.ru

Полиция қызметкерлері бір күн ішінде 2 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Күдіктілер ірі көлемдегі пәтерге ұрлыққа түсіп, 14 миллион теңгеге жуық шығын келтірген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Реклама
Реклама

Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің, яғни, 1991 жылы туған және 1995 жылы туған азаматтардың қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттары алынды. Осы азаматтар 2016 жылдың 2 тамызында сағат 14.00-18.30 уақыт аралығында Қызылорда қаласы тұрғынының үй-жайына бірінші қабатта орналасқан бөлменің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйымдарын, 2 миллионға жуық теңгесін және 4 300 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Шығынның жалпы сомасы 13 685 000 теңгені құраған.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті де қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына жабылды. Іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram