Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерінің парақшаларында Әдеп кодексі нормаларының сақталуына жүргізілген мониторингке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді. Бақылау нәтижесінде облыс көлеміндегі қала, аудан әкімдіктері мен әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдардағы 48 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілерінде ойын-сауық орындарында (кафе, демалыс орындар), шетелдік демалу орындарында және құмар ойындар ойнап отырғандығы бойынша түскен суреттерінің орналастырылғандығы анықталды.
Осыған сәйкес, облыс көлеміндегі қала, аудан әкімдіктері мен әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдардағы 48 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілердегі суреттері бойынша скриншоттар жолданған.
© Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
Сонымен қатар, Департамент тарапынан анықталған фотосуреттер бойына тиісті шараларды қабылдау үшін қала, аудан әкімдеріне хаттар жолданып, нәтижесі бойынша 14 мемлекеттік қызметшілерге "ескерту" түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Сондай-ақ, 5 мемлекеттік қызметшілердің кезекті еңбек демалысында болуына байланысты тәртіптік жаза қолданудың нәтижесі бойынша Агенттікке қосымша хабарланатыны айтылады.