12 қаңтар 2016 | 23:18

Қызылорданың жаңажылдық бас шыршасы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеті © ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеті

Қызылорда қаласының орталық алаңында жаңажылдық шырша өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда қаласының орталық алаңында жаңажылдық шырша өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Жаңажылдық шырша 12 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 19.40-та өртене бастаған. "Қызылорда облыстық ТЖД-ға Қызылорданың орталық алаңындағы шыршаның өртеніп жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Айта кетейін, алаңда өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері кезекшілік атқарып жатқан. Өз уақытында әрекет етудің арқасында 19.50-де өрттің таралуын тоқтатып, 19.55-те сөндірілді", - деп хабарлады Иманқұлов.

ТЖК мәліметінше, 25 шаршы метрді өрт шалған, бұл шыршаның жалпы ауданының шамамен 30 пайызы. Сонымен қатар, Комитеттегілер шыршаның жасалған затына байланысты өрттің тез таралатынын айтты. Қазіргі уақытта шыршаны алып тастау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.   

"Өрттің неден шыққаны анықталады, алдын ала мәлімет бойынша - қысқа тұйықталудан болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері азаматтардың жарақат алмауы үшін, орынды қоршауға алды. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің ресми өкілі.

Еске салайық, Қызылорда қаласының бас шыршасы өткен Жаңа жыл қарсаңында да өртенген болатын. Сол кезде өрттің электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққаны айтылды. Бірақ ол кезде шырша қайта қалпына келтірілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети