Қызын құтқарып қалған: БҚО-да екі адам суға батып кетті

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызын құтқарып қалған: БҚО-да екі адам суға батып кетті Көрнекі сурет pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында ер адам мен туысы суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында ер адам мен туысы суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

2 тамызда үлкендер мен балалар Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы Жайық өзені маңында демалған. Сағат 16:00 шамасында демалушылар ұл мен қыздың батып бара жатқанын байқаған. 35 жастағы ер адам көмекке асыққан. Ол өз қызын құтқарып қалған, бірақ 7 жастағы баланы тартып алуға тырысқанда, ағынға төтеп бере алмай, екеуі де батып кеткен.

Ер адамның денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан, ал құтқарушылар әлі күнге дейін баланы іздеп жатыр.

"Оқиға орнында ТЖД сегіз қызметкері және екі техника жұмыс істеп жатыр. Бұл аймақ шомылуға жабдықталмаған, орташа тереңдігі - 10 метр, ені - 50 метр, су ағымы секундына бір метрден асады, судың шамамен температурасы - 15-17 градус", - деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети