Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қызына берілген қайырымдылық көмекке арақ алып ішкен

11 Мамыр 2014, 18:47
0
©Digit.ru
©Digit.ru

Қызылордада қайырымдылық көмекті ішкілікке жұмсаған әйел ата-аналық құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кәмелетке толмаған балаға қайырымдылық шарасы шеңберінде мектеп тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, бірақ жауапкер Б. бар затты сатып жібереді немесе араққа айырбастайды. Соған байланысты бала құқықбұзушылықтың немесе қылмыстың нысанына айналып отыр. Жауапкер Б. түзелуді ойламайды, үйі нашар жағдайда, өзі жұмыс істемейді, спиртті ішімдік ішуді жалғастырып келеді. Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен шағым қанағаттандырылып, азаматша Б. қызына қатысты ата-аналық құқығынан айырылды. Шешім заңды күшіне енді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін, 22 қаңтарда әйелдің ата-аналық құқығы шектелген. Бұл іске Жалағаш ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия (Жалағаш аудандық білім бөлімі жанында қамқоршылық пен қорғаншылық жөнінде міндеттер атқаратын) талапкер ретінде қатысқан. Комиссия өкілдері жауапкердің алкогольді ішімдік ішетінін, Қызылорда облыстық наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғанын, қызының тәрбиесімен айналыспайтынын, оның рухани-физикалық дамуы үшін толық қамқорлық көрсетпейтінін айтып, сотқа арызданған. 

Соттың хабарламасында әйелдің қызының маусымдық киімі, ойыншықтары мен оқу құралдары жоқ екені, оның үйінде ішімдік ішетін адамдар жиналатыны, сөйтіп, баланың психикалық дамуына кері әсер ететіні де айтылған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай