"Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған лаңкестер дүкендегі қаруларды қолдана алмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстандағы "Қорамсақ" қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов хабарлады.
"Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған лаңкестер дүкендегі қаруларды қолдана алмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстандағы "Қорамсақ" қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов хабарлады.
Оның айтуынша, Таразда лаңкестер "Маке и К" қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасағаннан кейін онда қызметкерлерге қауіпсіздік шаралары қолданылған. "Қауіпсіздік шараларының басым бөлігін ІІМ қолдады. 1. Қарулар тез атылмайтындай етіп қойылды. Негізі бұл әдіс жарады. "Паллада" дүкенінен алған қаруды олар тез оқтай алмады. 2. Дабыл батырмасы. Осының арқасында"Күзет" те оқиға орнына дереу келді. Басқа мәселе, онда тек екі лаңкес болған, бірақ дүкенге 23 лаңкес кіріп келген", - деді Катнов.
Оның айтуынша, "Қорамсақ" ассоциациясына 38-ге жуық қару-жарақ дүкенінің иесі мүше. "Біз Ақтөбеде болған жағдайдан кейін бір сағат ішінде асссоциацияның барлық мүшесіне белгілі бір шараларды қабылдау керектігі туралы хабарлама тараттық. Біз арнайы қызмет қару-жарақ дүкендерінде қазір күзетте тұр деп сенеміз. Таразда болған оқиғадан кейін бірнеше апта бойы дүкендерді бақылау жұмыстары жүргізілген болатын. Қазір де осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дүкендерді жабуға әзірше негіз жоқ", - деді ол.
Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде белгісіз біреулер екі қару-жарақ дүкені мен Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын. Ақтөбеде жүргізілген антитеррорлық операциялардың нәтижесінде төрт қылмыскердің көзі жойылып, жеті адам ұсталды. Олардың екеуі жарақат алған. Қазір басқа қылмыскерлерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.