Лауазымды тұлға "Нұрлы жер" бойынша бөлінген 53 миллион теңгені жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лауазымды тұлға "Нұрлы жер" бойынша бөлінген 53 миллион теңгені жымқырған © 4vsar.ru

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында бюджеттен 53 миллион теңге жымқыруға қатысы бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлім басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында бюджеттен 53 миллион теңге жымқыруға қатысы бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлім басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"9 сәуірде "Қарақаралы ауданы тұрғын үй инспекциясының ТКШ, ЖКАЖ бөлімі" ММ басшысы 2016 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаржысынан 52 миллион теңге жымқырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Ерік Есенов. 

Сот үкімі бойынша, ол алты жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталушының мүлкі тәркіленбейді және жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді. 

Сот мәліметі бойынша, 39 жастағы бұрынғы шенеунік кінәсін толық мойындап, прокурормен келісімге келген. Ол осы лауазымда 2015 жылдан бері болған. 

Іс материалы бойынша, әйел адам бұл іске өзінің азаматтық некедегі күйеуін тартқан. Жалған кәсіпорын арқылы тендер ұтып алып, жұмысты асырып көрсетілген бағамен жасаған. Айта кетейік, әйелдің азаматтық некедегі күйеуіне қатысты іс оның өліміне байланысты тоқтатылды. Бұл іске қатысты өзге тұлғаларға қатысты қозғалған іс бөлек қаралады. 

Кесілген жазаны сотталушы 5 жылдан кейін өтейді, өйткені оның емізудегі баласы бар. Сонымен қатар, сотталушыдан 19 миллион теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети