Lexus тізгініндегі қыз Алматыдағы бизнес-орталықтың қоршауына соғысты

25 Шілде 2016, 12:27
0
Lexus тізгініндегі қыз Алматыдағы бизнес-орталықтың қоршауына соғысты - Куәгер жолдаған сурет
Куәгер жолдаған сурет

Lexus тізгініндегі қыз Алматыдағы бизнес-орталықтың ғимаратына соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жол апатының куәгеріне сілтеме жасап. 

Оқиға Достық даңғылының әл-Фараби даңғылымен қиылысатын тұсында шамамен 11.00-де болған. "Қатты соғысқан дауысты естідім көлік соғысқандай болды. Сөйтсем, Снегин көшесі мен Достық даңғылының қиылысында бизнес-орталықтың алдындағы бетон қоршауға қара түсті Lexus RX 300 соғысыпты, оның тізгінінде қыз отырды. Соған қарағанда, ол Достықпен төмен қарай жүріп келе жатып, жылдамдықпен оңға қарай бұрылғысы келген, бірақ тізгінге ие бола алмай қалып, арықтан өтіп, қоршауға соғысқан", - деді куәгер. 


Куәгер жолдаған сурет

Оның мәліметінше, абырой болғанда оқиға кезінде тротуарда адамдар болмаған. Сондықтан жол апатынан ешкім зардап шекпеді. Қыз да дін-аман.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай